Фейсбукке жалған атпен тіркелген 3 млрд. парақша өшірілді

0
994

Фейсбук басшылығы әдептен тыс жарияланымдар да өшіріліп отыратынын ескертеді.


Фейсбукке жалған атпен тіркелген 3 млрд. парақша өшірілді

ERNUR.KZ. Фейсбукке жалған атпен тіркелген 3 млрд. парақша өшірілді. Бұл – жыл басынан бергі мәлімет, әлеуметтік желі тарихындағы рекордты сан, деп жазады Алтайньюс.

Желі басындағылар жалған парақшалардың көбеюі боттарға байланысты екенін айтады. Яғни кейбіреулер арнайы бағдарламаларды пайдаланып жалған парақшалар ашады да, оларды қандай да бір көздеген мақсаттары үшін пайдаланады. Бәлкім, біреуді жабыла мақтайды немесе даттайды.

Мәселен, АҚШ билігі 2016 жылы Фейсбук желісін ресейлік жасырын топтарға мүмкіндік беріп, Президент сайлауына кедергі келтіргені үшін айыптаған болатын.

Сондай-ақ Фейсбук басшылығы әдептен тыс жарияланымдар да өшіріліп отыратынын ескертеді.