Филиппинде денге безгегінің індетінен 800-ден астам адам қайтыс болды

0
193

Денге - вирустық инфекция, ол тропикалық және субтропиктік аймақтарда кең таралған.


Филиппинде денге безгегінің індетінен 800-ден астам адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Филиппинде 200 мыңға жуық адам денге безгегін жұқтырды. 800-ден астам адам қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігі елдегі қалыптасқан жағдайды ұлттық эпидемия деп жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денге - вирустық инфекция, ол тропикалық және субтропиктік аймақтарда кең таралған. Белгілері адамның денесі қызып, жүрегі айниды. Оған қоса бөртпе шығып, белі ауырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл вирусты адам денсаулығына аса қауіпті деп санайды. Көбінесе безгекке балалар мен қарттар шалдығады. Инфекцияны масалар тасымалдап өршітеді.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет