Франция індеттің бесінші толқынымен күресті бастап кетті

0
619

Ғалымдар жаңа толқынның шарықтау шегі желтоқсан айының соңында емес, келесі аптада басталуы мүмкін, - дейді.


Франция індеттің бесінші толқынымен күресті бастап кетті

ERNUR.KZ. Өйткені бұл елде желтоқсан айының бас кезінде коронавирустың бесінші толқыны шарықтау шегіне жетеді деген болжам бар, деп жазады 24.kz.

Францияда бесінші толқынды болдырмау үшін шектеу күшейіп жатыр. Елдегі эпид жағдайды жақсарту мақсатында жергілікті билік, міндетті бустерлі доза мен санитарлық төлқұжатты алуға талапты күшейтті. Дегенмен локдаун енгізіліп, мектептер жабылмайды. Ең бастысы санитарлық төлқұжатты сақтау үшін бустерлі доза міндеттеледі.

Бұл үдеріс қаңтардың ортасынан қолға алынады. Себебі қазір елде вакцина салдырушылар көп.

"Франциямен бірге өзге де елдердің ғалымдары бустерлі доза 18 жасқа толған барлық азаматтарға тиімді деп отыр. Жастардың өзінде иммунитет бірнеше айдан кейін азаяды. Індеттің қайта өршуіне байланысты күшейткіш екпені салдыру үшін 6 ай күтпей-ақ ерте ала беруге болады. Ең дұрысы соңғы екпеден кейін 5 ай өткен соң салдырған жөн", - дейді Оливье Веран, Франция денсаулық сақтау министрі.

Коронавирусқа қарсы ПТР-тестің жарамдылық мерзімі де қысқартылды. Енді мұндай анықтама 72 сағат емес 24 сағат қана жарамды. Бірақ билік мектептерді жаппауға уәде беріп отыр. Сондықтан Білім министрлігі балалар оқуын жалғастырып, ата-аналардың жұмыстан қол үзбеуі үшін жаңа ұсыныс жасады.

"Бүгін бастауыш мектептерде көп сыныптар жабылып жатыр. Кеше 3 мыңнан аса баладан вирус анықталды. Осыған байланысты зерттеулер жүргізіп, мынадай шешімге келдік. Енді оқушы індет жұқтырса, барлық сынып тест тапсырады. Бірақ вирусты жұқтырғандар ғана оқшауланады. Қалғаны оқуын жалғастыра береді", - дейді Жан-Мишель Бланкер, Франция білім министрі.

Еуропалық орган 5 пен 11 жас аралығындағы жасөспірімдерге «Файзер» вакцинасын салуға рұқсат берген. Бірақ Франция әзірге бұл жастағы балаларды егуді жоспарлап отырған жоқ. Мәселе, келер жылдың басында қаралмақ. Жалпы елде вакцина салдырғандар көп. Сондықтан Германия мен Нидерландқа қарағанда, пандемияның бесінші толқыны аса қарқынды емес. Бірақ ғалымдар жаңа толқынның шарықтау шегі желтоқсан айының соңында емес, келесі аптада басталуы мүмкін, - дейді.