Францияда әлемдегі ең қымбат картиналар топтамасы көрмеге қойылды

0
2 931

Әйгілі мұнай магнаты Джон Рокфеллердің ұлы Дэвид Рокфеллердің картиналар топтамасының көрмесі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Хабар 24.


Францияда әлемдегі ең қымбат картиналар топтамасы көрмеге қойылды

Әйгілі мұнай магнаты Джон Рокфеллердің ұлы Дэвид Рокфеллердің картиналар топтамасының көрмесі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Хабар 24.

Мұнда әлемге танымал Моне, Гоген және Пикассоның әйгілі 10 туындысы көпшілік назарына ұсынылған. Бұл жұмыстар мамыр айында аукционға түседі. Сарапшылардың айтуынша, сурет өнеріне жаны құмар адамдар үшін бұл таптырмас мүмкіндік. АҚШ-тағы CHRISTIE'S аукцион үйінің басшысы Рокфеллердің бұл топтамасы аукцион тарихында ең қымбат бағаға сатылатындығын айтып отыр. Мысалы, аукцион кезінде Пабло Пикассоның 1905 жылы салған бір туындысының құны 90 миллион доллардан 120 миллионға дейін бағаланбақ. Шарадан түскен табыс Гарвард университетін және заманауи өнер мұражайын қаржыландыруға жұмсалады. Джонатан Ренделл, CHRISTIE'S АҚШ бөлімінің басшысы: - Біз 500 миллион доллар жайлы сөз қозғап отырмыз. Бұл әлемдегі ең қымбат топтама және бірегей қайырымдылық шарасы болары сөзсіз.