Францияда балалар арасында Кавасаки ауруы өршуде

0
1 315

Көбіне оған 3 пен 17 жас аралығындағы балалар шалдыққан.


Францияда балалар арасында Кавасаки ауруы өршуде

ERNUR.KZ. Еуропалық дәрігерлер балалар арасында аурудың өршіп бара жатқанына алаңдап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сырқаттың белгілері Кавасаки ауруына ұқсайды. Көбіне оған 3 пен 17 жас аралығындағы балалар шалдыққан. Жеткіншектердің дене қызуы көтеріліп, іштері ауырған. Кавасаки – сирек кездесетін ауру. Десе де, дәрігерлер ауруханаға түскендердің тез айығып жатқандарын айтады.

– Қазір біз тест алып, тексеріп жатырмыз. Инфекция аурудың өршуіне себеп болды ма? Соны анықтайтын боламыз. Біз мұндай асқынуларды вирустық инфекциядан кейін үнемі байқаймыз. Оған дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да, Еуропалық балалар қауымдастығы да жұмылдырылды. Педиатрлар коронавирус пен осы жағдайдың арасындағы байланысты қарастырып жатыр, - деп жазады Франция денсаулық сақтау дирекциясының басшысы Жером Саломон.