Францияда фантаст жазушыларды әскерге шақырып жатыр

0
722

Жазушылардың жұмысы қатаң құпия сақталады.


Францияда фантаст жазушыларды әскерге шақырып жатыр

ERNUR.KZ. Франция армиясы технологиялық қауіп-қатердің жаңа түрлеріне болжам жасау үшін фантаст жазушыларды әскерге шақырып жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Фантаст жазушылардан «Қызыл жасақ» деген арнайы топ құрылады.

Франция Қорғаныс инновациялары агенттігінің баяндамасында қиялы ерекше жүйрік жазушылар жаңа технологияларды қолдану мүмкіндіктері, шабуыл кезіндегі қорғаныс түрлері сияқтыларды ойластыратыны айтылған.

«Қызыл жасақ» 4-5 адамнан топтастырылады. Олар қорғаныс мәселесіне әскери стратегтер сияқты емес, шығармашыл көзбен қарайды.

Жазушылардың жұмысы қатаң құпия сақталады.