Франциядағы университеттердің бірінде бірнеше жойқын жарылыс болды

0
1 805

Адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп, университет аумағы толығымен полиция қоршауында тұр.


Франциядағы университеттердің бірінде бірнеше жойқын жарылыс болды

ERNUR.KZ. Франциядағы Лион университетінде бейсенбі күні таңертеңгі уақытта бірнеше жарылыс болды, деп жазады aif.ru.

Қазір университетте қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Алдын ала берілген мәліметтерге сәйкес оқу орнының ғимаратының бірінің шатырынан өрт шыққан. Артынша бірнеше рет жойқын жарылыс болған. Жарылыс оқу орнының терассасында сақтаулы тұрған газ толы балондарының салдарынан болуы мүмкін болжанып отыр.

Адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп, университет аумағы толығымен полиция қоршауында тұр. Сондай-ақ жеңіл жарақат алған бір жәбірленуші турасында ақпарат бар. Оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.