​Футбол алаңына құлаған ұшақтың кесірінен үш адам ажал құшты (видео)

0
1 322

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілердің айтуынша, құлаған ұшақты тану мүмкін болмаған.


​Футбол алаңына құлаған ұшақтың кесірінен үш адам ажал құшты (видео)

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Джорджия штатында жеңілмоторлы ұшақ құлап, қайғылы жағдайда үш адам мерт болды, жазады ca-news.org.


Басылымның мәліметінше, апатты жағдайда ұшақ қалалық саябақтардың біріндегі футбол алаңына құлаған. Ұшақ бортында болған үш адам да апат салдарынан көз жұмған.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілердің айтуынша, құлаған ұшақты тану мүмкін болмаған. Тек құйрығына қарап қана анықтай алған.

Ұшақ Теннеси штатына ұшып бара жатқанда апатқа ұшыраған көрінеді.