Гаити президентін өлтіргендер ұсталды

0
469

Гаити Президенті Джовенель Моиз сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні резиденциясына белгісіз адамдардың шабуылынан қаза тапқан еді.


Гаити президентін өлтіргендер ұсталды

ERNUR.KZ. Гаити Ұлттық полициясы ел Президенті Жовенель Моизді өлтірді деген күдікпен қылмыскерлерді ұстады. Бұл туралы сәрсенбіде Республиканың Мемлекеттік хатшысы Франц Экзантюс Twitter-де жазды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Президент Жовенель Моизді өлтіргендерді Ұлттық полиция бүгін сағат 18:00 шамасында ұстады. Толығырақ ақпарат - алдағы бірнеше минутта», - делінген хабарламада.

Еске салайық, кеше Гаити Президенті Джовенель Моиз сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні резиденциясына белгісіз адамдардың шабуылынан қаза тапқандығын хабарлаған болатынбыз. Шабуыл кезінде елдің бірінші ханымы Мартин Моиз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.