Гавайиде әлемдегі ең белсенді жанартау атқылауда

0
1 034

Килауэаның баяу атқылауы 35 жылдан бері жалғасып келе жатыр.


Гавайиде әлемдегі ең белсенді жанартау атқылауда

ERNUR.KZ. Гавайи вулкандары ұлттық паркінің баспасөз қызметі 5 қаңтарда Килауэа жанартауының атқылай бастағанын мәлімдеді. Килауэа жанартауы аралдардағы және әлемдегі ең жас және ең белсенділердің бірі болып саналады. Қазір қатты атқылаған лава аралды жауып, оның шекарасын өзгертуде, деп жазады stan.kz.

Килауэаның баяу атқылауы 35 жылдан бері жалғасып келе жатыр. Мұнда отты лава ағындары үздіксіз атқылауда.

Аумағында орналасқан ұлттық саябақ әкімшілігінің мәліметінше, атқылаудың алғашқы сағатында үлкен лава бұрқағы мен ақырын жылжып бара жатқан отты лава ағыстары байқалған.

Ағымның қауіптілігі бағалағаннан кейін ескерту деңгейі "қызылға" жеткен. АҚШ күкірт диоксиді мен басқа да жанартаулық газдан тұратын түтіннің тұман тудырып, адамдарға зиян келтіруі мүмкін екенін хабарлады. Бұл тыныс алуды қиындатып, аралдардың тұрғындарының денсаулығына қауіп төндіреді және егінге зиян келтіреді.