Гавай аралдарында шашыраған лава балконда тұрған адамды күйдірді

0
1 098

Күйіктен жағдайы нашарлаған ол ауруханаға жатқызылды.


Гавай аралдарында шашыраған лава балконда тұрған адамды күйдірді

АҚШ. Гавай аралдарында Килауэа жанартауының күшіне мініп, от шашып жатқаны белгілі. Осыған дейін жанартаудан шашыраған лава сол маңдағы елді мекендерге жеткен еді. Енді осы «отты толқын» кесірінен бір адамның жараланғаны туралы хабар тарады деп хабарлайды 24.kz.

Ақпаратқа сәйкес, ер адам үшінші қабатта орналасқан пәтердің балконында тұрған кезде аяғына лава шашырап кеткен. Күйіктен жағдайы нашарлаған ол ауруханаға жатқызылды.