Газ құбыры жарылып, 7 адам көз жұмды

0
964

Оқыс оқиғадан кем дегенде 7 адам қаза тауып, 15-і жарақат алды.


Газ құбыры жарылып, 7 адам көз жұмды

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Бангладеште газ құбыры жарылып, 7 адам көз жұмды, деп жазады baq.kz.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жергілікті ауруханаға жеткізілді. Читтагонг қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде болған оқыс оқиғадан кем дегенде 7 адам қаза тауып, 15-і жарақат алды.

Полицияның мәлімдеуінше, жарылыс 5-қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында болған. Адам өліміне алып келген жағдайдың жай-жапсары анықталу үстінде.