Газа аумағында қаза тапқандар саны 9 мыңнан асты

0
755

Құрбандардың арасында 3760 бала мен 2326 әйел бар.


Газа аумағында қаза тапқандар саны 9 мыңнан асты

ERNUR.KZ. Соңғы тәулікте Израиль әскері қоршауға алған Газа секторындағы атқылаулар салдарынан қаза тапқандар саны 9061-ге жетті, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы Газа денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Ашраф әл-Кудраның мәлімдеді.

"7 қазаннан бері эксклавтағы израильдік шабуылдардың құрбандары арасында 3760 бала мен 2326 әйел бар. Сонымен қатар кем дегенде 32 мың газалық жарақат алды", делінген хабарламада.

Сондай-ақ, кеше Израиль әуе күштерінің Газа секторындағы Бурейж босқындар лагеріне жасаған соққысынан кемінде 15 палестиналық қаза тапты.

Палестина Азаматтық қорғанысының баспасөз хатшысы Махмуд Басал көптеген адамның үйінділер астында қалғанын, оларды құтқару жұмыстарын жалғасып жатқанын айтты.

Соңғы мәліметтер бойынша, Израиль тарапынан 5,4 мың адам жараланып, 1,4 мыңнан астам адам қаза тапқан.