Германия билігі ресейлік миллиардердің 600 млн доллар тұратын яхтасын тәркіледі

0
540

Бұл яхтаны Усманов 2016 жылы сатып алған.


Германия билігі ресейлік миллиардердің 600 млн доллар тұратын яхтасын тәркіледі

ERNUR.KZ. Германияның Гамбург қаласының билігі ресейлік бизнесмен Алишер Усмановқа тиесілі алып яхтаны тәркіледі, деп жазады Azattyq Rýhy.

Басылым мәліметіне сүйенсек, Dilbar яхтасының ұзындығы – 156 метр, ал құны – 600 млн доллар. 2020 жылдың қазан айынан бастап қайта жабдықтау үшін Гамбургтің кеме зауытына кіргізілген.

Бұл яхтаны Усманов 2016 жылы сатып алған.

28 ақпан күні Еуроодақ Усмановты Украинадағы жағдайға байланысты санкцияланғандар тізіміне енгізді. Алишер Усмановтан бөлек қара тізімді ресейлік бизнесмендер – Михаил Фридман, Петр Авен, Алексей Мордашов толықтырды.

Еуроодақ дипломатиясы басшысы Жозеп Боррельдің пікірі бойынша мұндай шара айтарлықтай экономикалық әсер етеді.