Германия ядролық держава болудан бас тартты

0
518

Неміс билігі атом қаруынсыз әлем қалыптастыруға өз үлесін қосуға ниетті.


Германия ядролық держава болудан бас тартты

ERNUR.KZ. Германия Сыртқы істер министрі Анналена Бербок ел билігінің ядролық қару жасау ниетінен бас тартатынын мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Министр өз сөзінде Германияның ядролық держава болғысы келмегенін және мұны ешқашан қаламайтынын жеткізді.

«Бәріміз үшін мақсат – атом қаруынсыз әлем қалыптастыру», - деді дипломат.

Ол Германия ядролық держава болғысы келмейтін ел ретінде осы мақсатқа жетуге өз үлесін қосуға ниетті екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Бербок НАТО-ға мүшелікке және Германияның Еуропалық «ядролық қолшатырды» қамтамасыз етуге қатысуы жөніндегі міндеттемелерге күмән келтірмейтінін атап өтті.

«Бұл мәселені қара және ақ деп бөлуге болмайды», - деп қосты ол.

Айта кетейік, 1991 жылы Германия өзінің ядролық қаруын жасау құқығынан бас тартқан, бірақ АҚШ-тың ядролық қаруы республика аумағында орналасқан болатын.