Германияда 100 мыңнан аса адам наразылыққа шықты

0
1 413

Жергілікті партияның бірі мигранттарды елден жаппай шығару жоспарлары туралы мәлімдеген болатын.


Германияда 100 мыңнан аса адам наразылыққа шықты

ERNUR.KZ. Германияда тұрғындар "Германия үшін балама" партиясына қарсы жаппай наразылық акцияларына шықты, деп жазады inbusiness.kz.


Ресурстың жазуынша, Майндағы Франкфуртте "Демократияны қорғайық" ұранымен акция өтіп, оған 35 мыңға жуық адам қатысты. Ал жақын маңдағы Лимбург қаласында акцияға 2 800 адам наразылыққа шыққан. Ганноверде акцияға қатысушылардың саны 35 мыңға жуықтады.

Құқық қорғау органдарының дерегінше, Тюрингия федералды штатындағы Эрфурт қаласында бірнеше мың адам осындай акцияға жиналып, Фрайбургте және Кобленцте шамамен 5 000 қатысушы болды. Кассель қаласында 12 мыңнан астам адам акцияға шықты.

Осы сенбі күні Германияның 100 елді мекенінде демонстрациялар өтті. Оларға жалпы саны 100 мыңға жуық адам қатысқан.