2018 алтын тиыннан ең қымбат шырша жасалды

0
1 395

Германияда құны 2 млн 300 мың еуро тұратын шырша қойылды


2018 алтын тиыннан ең қымбат шырша жасалды

ERNUR.KZ. Неміс компаниясы 2018 таза алтын тиыннан құралған ең қымбат рождестволық шырша жасады, деп жазады 24.kz.

Шырша Мюнхен қаласындағы бағалы бұйымдар сататын компаниялардың бірінде тұр. Оның бағасы нарықтағы алтынның құнына тәуелді болғандықтан құбылып отырады.

Алтын шыршаны келген қонақтар желтоқсанның 15-іне дейін тамашалай алады.

Бенджамин Сумма, компания өкілі: - Бұл рождестволық шырша өзінің бағасымен ерекшеленеді. Ол Вена филармониясы бейнеленген 2018 тиыннан құралған. Шыршамыз 63 келі таза алтыннан тұрады. Ал бағасы 2 млн 300 мың еуро шамасында.