Германияда Ленинге алғаш рет ескерткіш орнатылды

0
808

Ескерткіш интернет-дүкен арқылы Австриядан сатып алынды.


Германияда Ленинге алғаш рет ескерткіш орнатылды

ERNUR.KZ. Бұл Батыс Германиядағы алғашқы орнатылған ескерткіштердің бірі. Мүсін алғаш Чехословакияда 1957 жылы орнатылды. Бұл елдегі ең алғашқы Ленин ескерткіші болды, деп хабарлайды kaz.nur.kz.

Ескерткіш интернет-дүкен арқылы Австриядан сатып алынды. Сатып алушы Германия маркстік-лениндік партиясы болды. Партия өкілі Петер Вайспфенингтің айтуынша, мүсіннің биіктігі – 2,15 метр. Тұғырдың жанында коммунистердің көшбасшысы туралы ақпарат көрсетілген.

Вайспфенинг атап өткендей, алдымен қала әкімшілігі оны орнату ұсынысына наразылықпен ретінде жауап берді. Осыдан кейін партия сотқа шағым түсіріп, оны орнатуға рұқсат алды.

Алайда, Вайспфенингтің айтуынша, ескерткішті орнатуды 68 пайыз, яғни халықтың көп бөлігі қолдаған көрінеді. Маркстік-лениндіктер жүргізген онлайн-сауалнама мәліметтері осындай. Вайспфенинг, сонымен қатар, коммунистердің көшбасшысының жеке басына да тоқталды.

Ол өз партиясындағылар 1917 жылғы революцияның, азамат соғысының және онымен байланысты зардап шеккендердің тарихымен таныс екенін айтты, алайда оның сөзіне қарағанда, бұл жағдайларға "тек Ленинді айыптауға болмайды".

Бастапқыда ескерткіштің салтанатты ашылуы 14 наурызда өтеді деп жоспарланған болатын, бірақ содан кейін шара кейінге қалдырылды.