Германияда вакцинациялау жұмыстарына дайындық басталды

0
700

Билік вакцинациялау ісін жылдамдату үшін зейнетке шыққан мамандарды тарту жағын да қарастырып қойған.


Германияда вакцинациялау жұмыстарына дайындық басталды

ERNUR.KZ. Германия ел азаматтарына BioNTech пен Pfizer компаниялары бірлесе әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаны салады, деп жазады 24.kz.

Бұл жұмыстар келер жылдың алғашқы тоқсанына жоспарланған.Қазір елде дайындық қызу жүріп жатыр. Ел бойынша 60 екпе егу орталығы ашылады.

Билік вакцинациялау ісін жылдамдату үшін зейнетке шыққан мамандарды тарту жағын да қарастырып қойды. Жаңа дәрі бірінші кезекте қарт кісілер мен созылмалы аурулары бар азаматтарға егіледі. Содан кейін дәрігерлер, полицейлер, өрт сөндірушілер мен мұғалімдерге салынады.

Германия вакцинаның 200 млн дозасын сатып алуды жоспарлап отыр. Осыған байланысты тоңазтқыш шығарушы фирмалар өз өнімдеріне сұраныстың күрт артқанын айтады.

Петер Виммер, Binder компаниясының вице-президенті:

Тоңазытқыш қондырғысы температураны 75-90 градусқа дейін ұстап тұруы қажет. Не үшін? Себебі коронавирусқа қарсы вакцина өте суық жағдайда сақталу тиіс. Бұған қоса қондырғы жақсы оқшаулануы тиіс. Мәселен, сыртта +25 болса да, ол қажетті температураны ұстап тұруы керек. Жалпы бұл қондырғылар электр қуаты ажыратылған кезде де штаттық режимде тағы бір тәулік жұмыс істеуге қауқарлы.