Германияда жануарларды қорғаушылар жарылған аквариумның иесін сотқа бермекші

0
763

Сонымен қатар олар жарылған аквариумның орнына мемориал орнатуды ұсынып отыр.


Германияда жануарларды қорғаушылар жарылған аквариумның иесін сотқа бермекші

ERNUR.KZ. Германияда PETA жануарларды қорғаушылар ұйымының өкілдері Берлиндегі Dom Aquaree қонақүйіндегі жарылған аквариумның иесін сотқа бермек, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«AquaDom ондағы тіршілік иелері үшін өлім тұзағына айналды. Қолдан жасалған бұл жағдай аквариумдар балықтар мен басқа да теңіз жәндіктері үшін қауіпті орын екенін көрсетеді» - делінген хабарламада.

Сонымен қатар олар жарылған аквариумның орнына мемориал орнатуды ұсынып отыр.

«Біз Sea Life (AquaDom осы океанариум желісіне қарайды) қарсы сотқа шағым түсіру мүмкіндігін де қарастырып жатырмыз. Бұған қоса Coral World компаниясының Лихтенберг ауданында аквариум тұрғызу жобасының бекітілмеуін талап етеміз», - деді Германиядағы РЕТА өкілі Петер Хёффкен.