Германияда жұрт Украинада қаза болған бейбіт тұрғындарды еске алды

0
501

Парламент ғимаратының алдына 5 мыңға жуық адам жиылған.


Германияда жұрт Украинада қаза болған бейбіт тұрғындарды еске алды

ERNUR.KZ. Германияда жұрт Украинада қаза болған бейбіт тұрғындарды еске алды, деп жазады 24.kz.

Парламент ғимаратының алдына 5 мыңға жуық адам жиылған. Олар қырылған адамдарды бейнелеп, түгел жерге сұлап жатқан.

Наразы жұрт жергілікті биліктің Мәскеумен алыс-берісін тоқтатып, ресейлік энергия тасымалдаушыларға эмбарго енгізуін талап етті. Айта кетейік, Еуроодақ елдері Ресей газы үшін бір күнде 380 млн еуро жұмсайды.

Қазір Украинада сұмдық жағдай орын алды. Мен жаңа санкцияларды толық құптаймын. Бұл шектеулер соғысты тоқтатуға ықпал етуі мүмкін. Әрине санкциялар бәрімізге де кері әсерін тигізеді. Десе де, аймақтағы жағдайды сырттан ғана бақылап, өз үлесімізді коспай тыныш отыра алмаймыз.