​Германиядағы BMW зауыты өртке оранды

0
1 432

Оқиғадан бір қызметкер мен өрт сөндіруші зардап шекті.


​Германиядағы BMW зауыты өртке оранды

фото obozrevatel.com

Ландсхуттағы BMW зауытында өрт болды, деп хабарлайды Today.kz lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Passauer Neue Presse-тің мәліметінше, өрт салдарынан шыққан түтін қаланы алып кеткендіктен тұрғындардан терезелерін ашпауын сұраған. Сондай-ақ, Верт-ан-дер-Исар - Ландсхут бағыты бойынша қатынайтын теміржол пойыздарының жүруі де тоқтатылған.

Алдын ала болжам бойынша, өрт құю машиналарының қызып кетуінен болған. Осы құрылғымен жұмыс істейтін қызметкерлерді ес-түссіз жатқан жерінен тауып алған. Оқиғадан бір қызметкер мен өрт сөндіруші зардап шекті. Оларды бірден ауруханаға жеткізген.

Әлі өрт әкелген шығын есептелмеді. Қазір тілсіз жау ауыздықталды.