Ғалымдар жақында адамдарға шошқаның жүрегін салып бере бастайды

0
941

2019 жылы қытайлық ғалымдар адамдардың мүшелеріне қауіпсіз түрде трансплантациялауға болатын шошқалардың тұқымын өсіргендерін хабарлады.


Ғалымдар жақында адамдарға шошқаның жүрегін салып бере бастайды

ERNUR.KZ. Қазіргі таңда АҚШ-тың Массачусетс штатында орналасқан көпбағытты ауруханалардың бірінде таңғажайып клиникалық зерттеу жұмысы жүріп жатыр. Дәрігерлер қатты күйіп қалған алты науқасқа шошқалардың генетикалық түрлендірілген терісін трансплантациялау арқылы салып берді, деп жазады Skifnews.kz.

Мұндай операция алғаш рет қазан айында жасалған, эксперименттің соңғы нәтижесін шілде айында жариялайды.

Бұдан бұрын дәл осындай трансплантациялық операция 2013 жылы сәтті өткен болатын. Ол кезде америкалық зерттеушілер гендік тұрғыдан түрлендірілген шошқалардың жүрек қуысын бес павиан мен анибустың денесіне салып берген. Соның арқасында эксперимент жасалған павиандар 3 жыл өмір сүрген. Осылайша, түрлі органдарды эксперимент ретінде қолданған ғалымдар жануарлардың иммундық жүйесіндегі жағымсыз реакцияларға тосқауыл қоя алуға қабілетті екендіктерін дәлелдеді.

Ғалымдар мұндай операцияны жақын уақытта адамдарға да жасайды. Мәселен, шошқа жүрегін адамдарға салып бере алады.

«Адамдар бұл жай жабайы эксперимент деп ойлауға дағдыланған. Алайда, қазір біз адамдарға жануарлардың ағзаларын трансплантациялау іс жүзінде мүмкін болатындығын көрсетеміз», - дейді трансплантолог-хирург және жоба жетекшісі Мұхаммед Мохиуддин.

2019 жылы қытайлық ғалымдар адамдардың мүшелеріне қауіпсіз түрде трансплантациялауға болатын шошқалардың тұқымын өсіргендерін хабарлады.