Google әуебилеттерін сатып алу мүмкіндігін жапты

0
809

Бастапқыда Google қонақүйлерді брондау функциясын алып тастаған еді.


Google әуебилеттерін сатып алу мүмкіндігін жапты

ERNUR.KZ. Бастапқыда Google қонақүйлерді брондау функциясын алып тастаған еді, енді міне әуебилеттерін сатып алу сервисін де алып тастады, деп жазады tengritravel.kz.

Google баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы 12 айда компания Google Авиабилеттері (Flights) сервисі үшін Google (Book on Google) арқылыброндау жүйесінен біртіндеп бас тартуды жоспарлап отыр.

"Басында біз осы функцияны ұсынған едік, оның арқасында билеттерді сатып алу жеңілдей түсетін еді және өзіміздің серіктес әуекомпанияларға көбірек брондау алуды көздедік. Алайда уақыт өте келе біз адамдардың тікелей серіктес веб-сайттар арқылы брондауды қалайтынын аңғардық. Осы орайда біз қолданушылардың қалауын ескердік", - деп түсіндірді компания өкілдері.

Google әліде ұшудың барлық нұсқаларын көрсетеді. Сіз тек қаланы, әуежайды және мерзімін көрсетсеңіз жеткілікті, соған байланысты іздеу жүйесі барлық рейстерді шығарады. Бұл үшін әуетасымалдаушының сайтына өтіп, билетті тікелей аласыз.

Мамырда қонақүйлерді брондауға негізделген Book on Google функциясы жабылған еді: қазір Google барлық қонақүйлерді көрсетеді, алайда оны брондау үшін сізді сол мекеменің сайтына тікелей өтіп кетесіз.