Google кәмелетке толмағандарға суретін іздеу жүйесінен жоюға мүмкіндік береді

0
511

Компанияның шешімімен сіз өшіруді сұраған суреттер базадан жойылады.


Google кәмелетке толмағандарға суретін іздеу жүйесінен жоюға мүмкіндік береді

ERNUR.KZ. Google балаларға, жасөспірімдерге, ата-аналарға немесе қамқоршыларға балалардың суреттерін іздеуден өшіруге мүмкіндік беретін құрал әзірледі, - деп жазады Tengrinews.kz.

Компанияның шешімімен сіз өшіруді сұраған суреттер базадан жойылады. Суретті жою үшін сізге сұрау жіберіп, кәмелетке толмаған баланың аты мен жасын көрсету керек, сонымен қатар жойылатын суреттерге сілтемелер қажет.

Осыдан кейін Google сұранысты қарастырады және қажет болған жағдайда қосымша ақпарат алу үшін байланысады. Фотосуреттерді жойғаннан кейін поштаға тиісті хабарлама келеді.

Алайда, компания Google жүйесінен жою оның бүкіл интернеттен жойылғанын білдірмейтінін айтты. Егер баланың суреті қандай да бір сайтта пайдаланылса, Google сайттың веб-маманымен байланысып, суретті жоюды сұрайды.