Google компаниясы дәрігерлердің жазуын түсінетін болады - Tech Crunch

0
578

Көбінесе дәрігерлердің дәрі-дәрмек рецепттерін жазған қағазы қарапайым адамдар үшін түсініксіз болып жатады.


Google компаниясы дәрігерлердің жазуын түсінетін болады - Tech Crunch

ERNUR.KZ. Бұл әсіресе пациенттерге дәріханалардан препаратты сатып аларда қиындық тудырады. Google компаниясы бұл мәселені шешкісі келетінін айтты, деп жазады inbusiness.kz.

19 желтоқсанда Үндістанда жыл сайын өтетін конференцияда IT алыбы дәрігерлердің жазуын түсіну жолдарын зерттеу үшін фармацевтермен жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Қазір қолданбаның прототипі бар. Бірақ ол бәріне пайдалануға дайын емес. Тек Google Lens көмегімен рецептті суретке түсіруге немесе оны фотогалереядан жүктеп алуға мүмкіндік береді. Қолданба суретті өңдегеннен кейін қажет дәрі-дәрмектерді анықтап, атын атайды.

Қолданба фармацевт сияқты адамдардың жұмысын толықтырып, қолмен жазылған медициналық құжаттарды цифрландыру үшін көмекші технология ретінде пайдаланылады. Дегенмен, шешім тек осы технологиямен алынған нәтижелер негізінде қабылданбайды.