Grammy мүсіншесі Иманбектің қолына жетті

0
598

Диджей және саунд-продюсер мүсіншені алып жатқан видеосын Instagram Stories-ге салған.


Grammy мүсіншесі Иманбектің қолына жетті

ERNUR.KZ. Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов Grammy сыйлығының мүсіншесін алды, оны Лос-Анджелестен жеткізіп берді. Ол марапатын ресми жарияланғаннан кейін 7 ай өткен соң қолына алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Диджей және саунд-продюсер мүсіншені алып жатқан видеосын Instagram Stories-ге салған. Сондай-ақ, Иманбек мүсіншені қолына ұстап тұрған суретін жүктеген.




Еске салайық, қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) 15 наурызда музыка саласында ең беделді Grammy сыйлығын жеңіп алған болатын.
Рэпер Saint Jhn-нің Roses трегіне жасаған ремиксі биыл әлемнің түпкір-түпкірінде қойылды. Сондай-ақ, ол АҚШ-тағы әлемдік деңгейдегі Billboard Music Awards сыйлығының иегері атанды. Одан бөлек, Ресейдің GQ журалының жыл сайынғы сыйлығында «Жыл жаңалығы» аталымында жеңіске жетті.