Грекияда алғаш рет әйел президент сайланды

0
815

Оған 300 депутаттың 261-і дауыс берді.


Грекияда алғаш рет әйел президент сайланды

ERNUR.KZ. Грекия парламенті бұрынғы Мемлекеттік кеңес (Жоғарғы әкімшілік соттың) басшысы Катерина Сакелларопулуды президент етіп сайлады. Ол ел тарихындағы тұңғыш әйел президент атанып отыр. Оған 300 депутаттың 261-і дауыс берді, деп хабарлайды Алматы арнасы.

«Оны басқарушы Жаңа демократия, оппозициялық «СИРИЗА» солшыл партиясы мен солшылцентристік «Движение перемен» альянсының заң шығарушылары қолдады», - делінген БАҚ хабарламасында.

Сакелларопулу қызметіне 13 наурызда кірісіп, бес жыл ішінде елді басқару құқына ие болады. Әзірге ел президенті - Прокопис Павлопулос. Бұл елде президентті халық емес, парламент мүшелері сайлайды. Айта кетсек, 2019 жылдың маусым айында Грекия президенті Прокопис Павлопулос парламентті таратып, мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізетінін мәлімдеген болатын.