Грекиядағы орман өрті оқ-дәрі қоймасына жетті

0
496

Орталық Грекияда өрт сөндірушілер орман өртінің әскери нысандарға таралуын тоқтата алмады.


Грекиядағы орман өрті оқ-дәрі қоймасына жетті

ERNUR.KZ. Грекиядағы Эгей теңізі жағалауындағы өртке оранған ВВС Волос базасы ауданында күшті жарылыстың дауысы естілді. Табиғи өрт мұндағы оқ-дәрі қоймаларын жойды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қызметкерлер мен F-16 ұшақтары алдын ала басқа базаға көшірілді. Өрт күзеті 12 елді мекен эвакуацияланғанын хабарлады. Ресми деректер бойынша, оқ-дәрінің жарылуынан ешкім қатты зардап шеккен жоқ.

Волос қаласы маңындағы өрт – Грекияның жедел қызметтері күресіп жатқан 124 табиғи өрттің ішіндегі ең қауіптісі. Туризмге тәуелді аймақтар да зардап шегіп отыр: келушілерді эвакуациялау жергілікті кәсіпке залал келтіріп жатыр.

«Қаржылық тұрғыда Киотати ауданындағы бірде-бір отбасы қыстан қиналмай өте алмайды. Себебі бәрі жабық. Қалай ашыласыз? Кім үшін жұмыс істейсіз? Жергілікті тұрғындар үшін бе? Олар әр кеште кешкі ас ішуге бармайды. Ешкім күн сайын тамақтану үшін сыртқа шықпайды. Үнемдеуге тура келеді. Біз жаз бойы тынымсыз еңбек етеміз. Жұмыс өте қиын, күніне 14 сағат, тіпті одан да көп жұмыс істейміз», - деді La Strada мейрамханасының иесі Елена Хрисафинас.

Үкімет Грекия курорттарының басым бөлігі туристер үшін қауіпсіз екенін айтты. Елдегі жағдай он күннен бері өте қиын. Бір ғана Родостағы апат орнынан он мыңдаған адам эвакуацияланды.