Грузия мен Арменияда жер сілкінді

0
625

Зілзаланың магнитудасы – 5,3 балл.


Грузия мен Арменияда жер сілкінді

ERNUR.KZ. Грузияның Армениямен шекаралас Дманиси қаласының маңында жер сілкінісі болды, деп жазады inbusiness.kz.

Ұлттық сейсмикалық мониторинг орталығының дерегінше, Тбилиси уақыты бойынша түнгі сағат 23:53-те магнитудасы 5,3 балл болатын жер сілкінісі тіркелген.

Зілзала ошағы – Дманиси қаласы, тереңдігі – 9 шақырым. Тбилисиде жер асты дүмпулері де сезілді. Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирағаны туралы ақпарат жоқ.

Арменияның Төтенше жағдайлар министрлігі жергілікті уақыт бойынша 23.35-те Армения – Грузия шекарасында жер сілкінгенін хабарлады. Зілзаланың магнитудасы – 4,9 балл.