​Грузияға есірткі алып өткен қазақстандық ұсталды

0
1 332

Грузияға 1 килограмм есірткі өнімін алып келгені үшін Қазақстан азаматы ұсталды. Тблиси халықаралық әуежайында 44 жасар ер адам тұтқындалды.


​Грузияға есірткі алып өткен қазақстандық ұсталды

Грузияға 1 килограмм есірткі өнімін алып келгені үшін Қазақстан азаматы ұсталды. Тблиси халықаралық әуежайында 44жасар ер адам тұтқындалды, бұл туралы жергілікті ІІД ұйымдасқан қылмыс департаменті бастығы Мамук Челидзе мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ sputnik-georgia.ru сайтына сілтеме жасап.

Қылмыскер Грузияға Дубай арқылы Бразилиядан келген. Қылмыстық іс есірткіні заңсыз алу-сақтау-тасымалдау фактілері бойынша қозғалған. Қылмыскер 8-ден 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Соңғы екі аптада құқық қорғау қызметкерлері Тбилиси, Аджари, Кахети, Гури, Шида Картли, Самегрело аумақтарында есірткі қылмысы аясында 13 адамды ұстады. Тәркіленген есірткі ішінде 1 килограмм кокаин, 530 түйір «субутекс», 100 түйір «субоксин», амфетамин тобына жататын 200 грамм есірткі және бұдан өзге түрлі заңсыз дәрілер бар.