Губернатор қызметінен кеткен Төлеев депутат болды

0
1 394

Қазір облыстық кеңесті Алексей Синицын басқарып отыр, бірақ, ол келесі аптада отставкаға кетеді. Аман Төлеев жаңа жұмысына содан кейін кіріседі.


Губернатор қызметінен кеткен Төлеев депутат болды

Кемерово облысының бұрынғы губернаторы Аман Төлеевке депутат мандаты тапсырылды. Төлеев облыстық Халықтық депутаттар кеңесіне спикер болды,- деп хабарлайды ERNUR.KZ Ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Қазір облыстық кеңесті Алексей Синицын басқарып отыр, бірақ, ол келесі аптада отставкаға кетеді. Аман Төлеев жаңа жұмысына содан кейін кіріседі.

1 сәуірде Аман Төлеев Кемерово облысының губернаторы қызметінен өз еркімен кететінін хабарлаған болатын. Оған «Зимняя вишня» СО-дағы өрт себеп болды. Төлеевке отставкаға кеткеннен кейін ай сайын 50 мың рубль зейнетақы тағайындалды. Мұндай әлеуметтікт төлем жергілікті заңмен мақұлданған және «Халықтық губернатор» атағы бар бұрынғы басшаларға беріледі.