Гүлнар Каримованың Ұлыбританиядағы зәулім үйі мен 2 пәтері тәркіленді

0
405

Өзбекстан Әділет министрлігінің мәліметінше, Гүлнар Каримованың шетелдегі қылмыстық активтерінің жалпы сомасы шамамен 1,3 млрд доллар болады.


Гүлнар Каримованың Ұлыбританиядағы зәулім үйі мен 2 пәтері тәркіленді

ERNUR.KZ. Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнар Каримоваға тиесілі Ұлыбританиядағы үш жылжымайтын мүлкі тәркіленді, деп жазады inbusiness.kz.

Атап айтқанда, Лондонның беделді ауданындағы екі пәтер мен Суррей графтығындағы зәулім сарай тәркіленді. Олардың жалпы құны 20 млн фунт стерлингке (25,6 млн доллар) бағаланып отыр.

SFO мәліметінше, жылжымайтын мүлік сыбайлас жемқорлықтан түскен табысқа сатып алынған. 2004 жылдан бастап 2012 жылға дейін Гүлнар Каримова Өзбекстандағы нарыққа қол жеткізу үшін телекоммуникациялық компаниялардан жүздеген миллион доллар пара алды.

"Біз бүгінгі таңда бұл нысандарды бақылауға алу үшін көптеген оффшорлық шот пен компанияны қамтитын күрделі қаржы жолын анықтадық", – деді ведомство басшысы Лиза Ософски.

SFO Каримованың активтерін алу туралы талапты 2018 жылдың қазан айында жолдаған. Лондонның Жоғарғы соты оны осы жылдың 8 тамызында қанағаттандырды.

Өзбекстан Әділет министрлігінің мәліметінше, Гүлнар Каримованың шетелдегі қылмыстық активтерінің жалпы сомасы шамамен 1,3 млрд доллар болады.