"Ібіліс ерні": Жаңа бьюти-тренд жастар арасында кең таралуда

0
2 858

Жаңа трендтің авторы косметолог та дәрігер де емес, ол сәулет және құрылыс саласының өкілі.


ERNUR.KZ. Қараша айының соңында әлеуметтік желілер "толқынды" және "бұрыштық" ерні бар қыздардың суреттеріне толып кетті. Жаңа бьюти-тренд "ерін-патиссондар", "Ібілістің ерні", "ерін-қолшатыр" деп аталып кетті, деп жазады Stan.kz.

Желі қолданушылары косметологтарға инъекциялар арқылы ерінге жаңа, айрықша форма жасау үшін жаппай жүгінуде. Бұл сәнқойлардың ішінде жігіттер де бар. Бьюти-трендті ресейлік косметолог Емельян Брауде ойлап тапты. Жаңа трендтің авторы медик емес, косметолог емес, сәулет және құрылыс саласының өкілі.

ерін

Юзерде косметикалық өзгеріске ұшыраған қыздардың суреттері қарама-қайшы эмоция мен пікір тудыруда. Көптеген адамдар бұл "бар тұрған сұрықсыздық" деп үзілді-кесілді қарсы болса, кейбіреулер өзіне жасатуға ниет білдіріп отыр.

ерін

Дәрігер-косметолог Александр Гонттың айтуынша, бұл процедура ауыртпалықсыз өтетін көрінеді. Егер арнайы жабдықталған кабинет жағдайында жасалатын болса, ол кез келген басқа косметологиялық инъекциядан қауіпті емес.

"Эстетикалық жағынан аса тартымды емес. Менің ойымша, бұл тек жастардың танымалдығын тарту тренді", - деп мәлімдеді 360 телеарнасына Гонт.

ерін

Уақыт өткен соң ерекше еріндер алғашқы қалыпқа оралу керек. Егер шебер жақсы гиалурон қышқылын енгізсе және бұл татуаж болса, қайта қалпына келеді. Сонда бұл қышқыл денеден шығарылады. Алайда, иммунитеттің аллергиялар мен тыртық тінінің пайда болуына байланысты жарақатпен қалуы мүмкін. Мұндай тыртықтар өмір бойы сақталуы ғажап емес.