Илон Маск адам миына компьютер орнатуды жоспарлап отыр

0
1 613

2020 жылдың соңында тәжірибе адамдарға жүргізіле бастайды.


Илон Маск адам миына компьютер орнатуды жоспарлап отыр

ERNUR.KZ. Осы биотехнологиялық стартап 2017 жылдан құрылғыны жасаумен айналысып келеді, деп жазады inbusiness.kz.

Иілгіш жіптердің қалыңдығы шаштыкінен бірнеше есе жұқа.

Зерттеушілердің мақсаты – оның көмегімен мидағы ақпаратты оқу. Жіптердің жұмыс істеу мүмкіндігі басқа аппараттарға қарағанда жылдамырақ. Оларды бір минут ішінде арнайы роботтар қан тамырларына тигізбей мидың қатпарына енгізеді. Ақпарат бас сүйектің ішіне орнатылған чип арқылы алынады.

Болашақта Neuralink сымсыз желі жүйесіне көшуді жоспарлап отыр. Жоба жүзеге асса, сал ауруына шалдыққандар ми импульсі арқылы смартфон мен компьютерді басқара алады. 2020 жылдың соңында тәжірибе адамдарға жүргізіле бастайды.