Илон Маск Twitter бас директоры қызметінен кететінін хабарлады

0
478

Масктың айтуынша, ол бұл қызметке жаңа адамды алған.


Илон Маск Twitter бас директоры қызметінен кететінін хабарлады

ERNUR.KZ. SpaceX және Tesla компанияларының басшысы Илон Маск жақын арада Twitter әлеуметтік желісінің бас директоры қызметінен кететінін хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Масктың айтуынша, ол бұл қызметке жаңа адамды алған.

«Ол жұмысын алты аптадан кейін бастайды! Менің рөлім өнімді, бағдарламалық жасақтаманы және жүйені қадағалайтын атқарушы төрағаға ауысады», - деп жазды Маск.

Илон Маск Twitter акцияларын 2022 жылдың 31 қаңтарында сатып ала бастаған. 4 сәуірде Маск Twitter-дің 9,2 пайыздық үлесін 2,64 миллиард долларға сатып алып, компанияның ең ірі акционері атанды.

Жақында Илон Маск Украинаға көмектесуге шақырған жазушы Стивен Кингке жауап беріп, 100 миллион доллар бөлгенін мәлім еткен еді.