Илон Масктың компаниясы адам миына чип енгізді

0
476

Құрылғы жұмысы туралы алғашқы мәліметтер жақсы нәтижелерді көрсеткен.


Илон Масктың компаниясы адам миына чип енгізді

ERNUR.KZ. Америкалық миллиардер әрі кәсіпкер, SpaceX және Tesla негізін қалаушысы Илон Маск бірінші адам миына Neuralink имплантын енгізу процедурасынан өткенін мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы миллиардер X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Бірінші адам кеше Neuralink-тен имплант алды және отадан кейін жақсы сауығып келеді", - деді ол.


Масктың айтуынша, құрылғы жұмысы туралы алғашқы мәліметтер жақсы нәтижелерді көрсеткен.

Еске салайық, 2023 жылғы қыркүйекте америкалық бизнесмен Илон Масктың нейротехнологиялық компаниясы Neuralink импланттарды миға енгізу бойынша клиникалық сынақтар үшін еріктілерді тарта бастады.