Індет кезінде қайтыс болған әрбір дәрігердің отбасына 133 мың доллар көлемінде өтемақы төлене бастады

0
517

Сауд Арабиясы коронавирус індетімен күресіп, қайтыс болған әрбір медицина қызметкерінің отбасына 133 мың АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлей бастады.


Індет кезінде қайтыс болған әрбір дәрігердің отбасына 133 мың доллар көлемінде өтемақы төлене бастады

ERNUR.KZ. Бұл туралы 8 тамызда Сауд Арабиясының мемлекеттік ақпарат құралдары хабарлады, деп жазады centralasian.org.

БАҚ-тың жазуынша, үкімет денсаулық сақтау саласында еңбек етіп, коронавирустан қайтыс болған адамның отбасына 500 мың риял (133 мың доллар – ред.) көлемінде өтемақы төлейді. Өтемақыны мемлекеттік немесе жеке клиникада істеген, азаматтық немесе әскери салада еңбек еткен марқұмның отбасы ала алады. Билік қызметкерлердің азаматтығына да қарамауға уәде берген.

Мемлекеттік SPA ақпарат агенттігінің жазуынша, олар "Араб әмірлігіндегі азаматтар мен тұрғындардың денсаулығын қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өмірін сарп еткен".

Билік індет басталғалы бері 8320 адамның коронавирустан қайтыс болғанын хабарлаған. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі олардың арасында қанша дәрігер барын нақтыламаған.