Индонезияда лай көшкіні егіншілерді басып қалды

0
2 686

Индеонезияда соңғы бірнеше тәулік бойы толас таппаған нөсерден Ява аралында лай көшкіні жүрді, - деп хабарлайды 24.KZ.


Индонезияда лай көшкіні егіншілерді басып қалды

Индеонезияда соңғы бірнеше тәулік бойы толас таппаған нөсерден Ява аралында лай көшкіні жүрді, - деп хабарлайды 24.KZ.

Табиғи апаттан 5 адам қаза тапты. Тағы 14-і жараланды. Бірнеше тұрғын ұшты-күйлі жоғалып кетті. Жергілікті арналардың хабарлауынша, көшкін егін алқабында жұмыс істеп жүрген 25 диқанды басып қалған. Лай арасынан табылғандары жақын маңайдағы ауруханаға жеткізілді. Қалғандарын іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірге құтқару операциясына ауыр техника тартылмаған. Мамандардың айтуынша, батпақ арасынан адамдардың тірі шығуы екіталай.