Инстаграм жаңа функцияны іске қосты

0
596

Әлеуметтік желі браузерде бір минутқа дейін фотосуреттер мен бейнелерді жүктеу мүмкіндігін енгізді.


Инстаграм жаңа функцияны іске қосты

ERNUR.KZ Instagram әлеуметтік желіде компьютер арқылы отыратын пайдаланушылар үшін жаңа мүмкіндікті іске қосты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі Twitter-де хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желі браузерде бір минутқа дейін фотосуреттер мен бейнелерді жүктеу мүмкіндігін енгізді.

"Біз бұл мүмкіндікті іске қосқанымызға қуаныштымыз. Енді сіз фотосуреттер мен видеоларды бір минутқа дейін браузер арқылы тікелей Instagram-ға орналастыра аласыз", - делінген хабарламада

Бұрын мазмұнды жүктеу тек мобильді құрылғыларда ғана болатын, ал браузер арқылы басылымдарды қарап, бағалауға болатын.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп TRUTH Social жаңа әлеуметтік желісінің құрылғанын жариялады. Оның айтуынша, бұл желі "ақиқаттың әлеуметтік желісі" үлкен технологиялардың озбырлығымен күресуге арналған.