​Instagram жұлдызы жұмбақ жағдайда мерт болды

0
1 177

Ол мексикалық миллиардердің Mayan Queen IV яхтасында Кефалонияда табылған.


​Instagram жұлдызы жұмбақ жағдайда мерт болды

ERNUR.KZ. Грекияның құқық қорғау органдары аустралиялық Instagram-блогер әрі модель Шинейд Макнамараның өліміне қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Ол мексикалық миллиардердің Mayan Queen IV яхтасында Кефалонияда табылған, деп жазады tengrinews.kz.

Times газетінің жазуына қарағанда, 20 жастағы модель ауыр халде яхтада табылған, кейінірек комаға түсіп, Афин ауруханасына тікұшақпен тасымалданған кезде қайтыс болған.

Газеттің хабарлауынша, ол кеме Еуропа бойынша төрт айлық круиз жасаған кезде яхтада жұмыс істеген, бірақ Макнамардың жұмысы мен міндеттері көрсетілмеген. Саяхатта түскен суреттерін қыз Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына жүктеп отырған. Оның шамамен 23,2 мың оқырманы бар. Құқық қорғау органдарындағылар басылымға полиция өзін-өзі өлтіру нұсқасын қарастырып жатқанын айтты.

Аустралиялық News.com.au жаңалықтар порталының хабарлауынша, оқиға кезінде кемеде экипаж мүшелері ғана болған. Олар ес-түссіз жатқан қызды тапқан. Модельдің туыстары аустралиялық медиаларға Макнамараның оқыс оқиғадан қайтыс болғанын хабарлаған.

БАҚ-тардың хабарлауынша, яхта 87 жастағы миллиардер Альберто Байлереске тиесілі. 2018 жылы Forbes журналы оның байлығын 9,6 миллиард долларға бағалады. Байлерес Мексикадағы ең бай адамдардың бірі және Industrias Penole кен өндіру компаниясын басқарады. БАҚ жариялаған мәліметтер бойынша, миллиардер отбасымен оқиғаға дейін бірнеше күн бұрын яхтадан кетіп қалған.