​Инсульттен қорғанудың қарапайым тәсілі аталды

0
1 122

Зерттеуге шамамен таяуда инсульт алған және сауықтыру курстарынан өткен 2 300 науқас қатысқан.


​Инсульттен қорғанудың қарапайым тәсілі аталды

ERNUR.KZ. Ғалымдар күнделікті жарты сағат уақыт серуендеудің инсульт өлімін алдын алатынын анықтады. Бұл туралы Neurology журналында жарияланған мақалада айтылады, деп жазады Tengrinews.kz.

Швециядағы Готенбургск университетінің ғалымдары инсульттың ең қауіпті салдарына зерттеу жүргізген.

Зерттеуге шамамен таяуда инсульт алған және сауықтыру курстарынан өткен 2 300 науқас қатысқан. Дәрігерлер олардың диетасын, өмір салтын және ми қан тамырларының жұмыс істеуіне кедергі келтіретін басқа да факторларды есепке алған.

Осылайша, мамандардың зерттеуіне қарағанда, инсульттың ең ауыр түрлері мен жалпы инсульт көбіне физикалық белсенділіктің болмауынан, яғни, бір орында қозғалмай отыра берудің салдарынан пайда болады.

Дәрігерлердің айтуынша, аптасына төрт сағат, күніне шамамен жарты сағат серуендеп, физикалық жаттығу жасаған жағдайда бұл дерттің алдын алуға болады.