Интернет жұлдызы тікелей эфир жүргізіп отырып қайтыс болды

0
1 022

Көлік жүргізушісі көлікті басқара алмай, асқан жылдамдықпен жүк көлігіне соқтығысқан.


Интернет жұлдызы тікелей эфир жүргізіп отырып қайтыс болды

ERNUR.KZ. Пәкістандық атақты блогер Даниял Хан және оның үш досы жол апатынан қаза тапты, деп жазады Тengrinews.kz.

Жігіттер Исламабадты көлікпен аралап, онлайн-трансляция жүргізген. Көлік жүргізушісі көлікті басқара алмай, асқан жылдамдықпен жүк көлігіне соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көліктегі адамдар тіл тартпай кеткен. Оқиға тікелей эфирге түсіп қалған. Даниял Хан мен оның достары 20 мен 22 жас аралығындағы азаматтар болған.

Даниял Ханды әлеуметтік желінің жұлдызы деп санаған. Оның TikTok желісінде 200 мыңға жуық оқырманы, Instagram желісінде 40 мыңға жуық оқырманы болған.