iPhone 15 Pro смартфондарынан ақау анықталды

0
384


iPhone 15 Pro смартфондарынан ақау анықталды

ERNUR.KZ. iPhone 15 Pro телефонынан ақау анықталды. Тұтынушылар iPhone 15 Pro және 15 Pro Max-тың қызып кетуіне байланысты мәселеге шағымданды, деп жазады Stan.kz

Apple флагмандық смартфондарының қызып кетуі құрылғыларды жобалау кезінде жіберілген қателерден туындауы мүмкін. MacRumors форумына келушілер смартфонның әсіресе ойындарды іске қосқанда, зарядтағанда немесе әртүрлі қолданбаларды орнатқарн кезінде қатты қызып кететінін айтып, шағымданды.

Беделді инсайдер Мин-Чи Кон Medium-дағы блогында iPhone 15 Pro мен 15 Pro Max телефондарының қызып кету мәселесі құрылғылардың дизайнына байланысты туындағанын жеткізді.

Маманның айтуынша, Apple инженерлері смартфонның салмағын азайту үшін шешімге келуге мәжбүр болған. Осы мақсатта компания жылуды жою жүйесіне біраз өзгерістер енгізген. Мин-Чи Ко маңызды мәселені iOS жаңартуларымен шешу қиын екенін айтты. Дегенмен, Apple смартфондарда қолданылатын A17 Pro процессорларының өнімділігін шектеуі мүмкін. Ко бұл ақау гаджеттердің шығарылымында флагмандық сатылымдарға әсер етуі мүмкін екенін жеткізді.

Одан бөлек, қыркүйектің соңында Apple мамандары жаңа смартфондардың камерасында неге он есе үлкейтуге болмайтынын түсіндірді. Инженерлердің айтуынша, он есе масштабтау кезінде камераның жақсы тұрақтандырылуын қамтамасыз ету өте қиын.