iPhone үшін екі қыз жас жігітті зорлап жіберген

0
4 322

Қыздар өз әрекеттерінің барлығын iPhone-ға түсіріп алған.


iPhone үшін екі қыз жас жігітті зорлап жіберген

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Татарстанда 19 жастағы студент жігітті екі бойжеткен зорлаған, деп жазады ERNUR.KZ 9111.ru сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Бугульме қаласында орын алған.

Белгілі болғандай жәбірленуші жігітті 22 жастағы танысы телефонын жөндету үшін пәтеріне шақыртқан. Пәтерде қызбен бірге оның 32 жастағы құрбысы болған. Студент жігіт телефонды жөндеп болып, егесіне қайтарған. Сол кезде бойжеткен телефонының экраны шытынағанын байқаған. Шытынаған экран үшін бойжеткен жігіттен 3000 рубль талап еткен.

Ол бас тартқан соң, бойжеткен өзінің құрбысымен бірге студент жігітті ұрып, кейін сексуалды сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасайды. Сондай-ақ олар өз әрекеттерінің барлығын iPhone-ға түсіріп алады.

Жас жігіт құқық қорғау органдарына жүгініп, қылмыстық іс қозғалған. Күдіктілер ұсталғанын жазады аталмыш интернет-басылым.