​Иран басшысы Хасан Рухани Трампқа "отпен ойнамауға" кеңес берді

0
1 236

Иран халқы мен біздің президентімізді кемсітіп сөйлеген кезіңізде сақ болғаныңыз дұрыс.


​Иран басшысы Хасан Рухани Трампқа

ERNUR.KZ.Ислам революциясы сақшылар корпусының генерал-мойоры Касем Сүлеймани АҚШ президентінің қоқан-лоққысына жауап берді, деп жазады Today.kz.

Сүлеймани басқаратын "Кудс" бригадасы Ираннан тыс жерде жүретін арнайы операцияларға арналған. Ол америкалық президентке "соғысты бастамауға" кеңес берді, өйткені бұл Вашингтонды қиратуы мүмкін.

"Біз жақын жердеміз, қайда екенімізді елестете де алмайсыз. Егер сіз соғысты бастасаңыз, біз оны аяқтаймыз", – деді генерал-майор.

Сүлеймани өз елінің АҚШ-та бар барлық дүниенің көзін жоюға қауқарлы екенін мәлімдеді.

"Иран халқы мен біздің президентімізді кемсітіп сөйлеген кезіңізде сақ болғаныңыз дұрыс", – деді Сүлеймани.

Генерал-майордың сөзінше, америкалық билік Тегеранның жойқын қуатынан хабардар. Ақүй Иранның мүмкіндіктерін де жатқа білетінін мәлімдеді ол.

"Трамптың қоқан-лоққысына жауап беру – сарбаз ретінде менің міндетім. Егер ол қоқан-лоққы тілін қолданғысы келсе, президентпен (Хасан Рухани) емес, менімен сөйлессін", – деді Касем.

Генерал-майор Дональд Трамптың сөздік қоры түнгі клубтар мен ойын-сауық жерлеріне ғана жетеді деп есептейді.

Естеріңізге салайық, 23 шілдеде Трамп Twitter желісіндегі парақшасына "Иран АҚШ-қа қоқан-лоққы жасауын қоймаса салдарынан зардап шегеді" деп жазған болатын.

Иран басшысы Хасан Рухани Трампқа "отпен ойнамауға" кеңес берді.