Иранда 10 қабатты ғимарат құлады, жараланғандар көп

0
513

Рейтерс ақпарат агенттігінің мәліметінше, қайғылы оқиғадан 5 адам қаза тапқан.


Иранда 10 қабатты ғимарат құлады, жараланғандар көп

ERNUR.KZ. Иранның оңтүстік-батысындағы Абадан қаласында 10 қабатты ғимарат қирады, - деп жазады 24.kz.

Рейтерс ақпарат агенттігінің мәліметінше, қайғылы оқиғадан 5 адам қаза тапқан. Үйінділер астында тағы 80-ге жуық тұрғын болуы мүмкін. Жарақат алған 27 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Мамандар мерт болғандардың саны артуы мүмкін деп болжайды.

Ғимараттың не себепті қирағаны әзірге хабелгісіз. Құрылысқа жауапты мердігер мен ғимарат иесі қамауға алынды.