Иранда пойыз рельстен шығып, 13 адам қаза тапты

0
313

50 жолаушы зардап шекті, оның 12-сі ауыр халде.


Иранда пойыз рельстен шығып, 13 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Иранда Мешхед-Йезд бағытындағы жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 13 адам қаза тапты, деп жазады Zakon.kz.

50 жолаушы зардап шекті, оның 12-сі ауыр халде.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, оқиға орнында құтқарушылар мен дәрігерлер бригадалары жұмыс істеп жатыр.

Апаттың себептері анықталуда.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, жақын арада зардап шеккендердің тізімі артуы мүмкін.