Ирандық шахматшы қыз хиджабын неге шешкенін түсіндірді

0
914

25 жастағы спортшы хиджабпен өзін жайсыз сезінетінін айтқан.


Ирандық шахматшы қыз хиджабын неге шешкенін түсіндірді

ERNUR.KZ. Ирандық шахматшы Сара Хадем Алматыда өткен әлем чемпионаты кезінде орамалын неге шешкенін айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Испанияның El Pais газетінде жексенбіде жарияланған сұхбатында 25 жастағы спортшы хиджабпен өзін жайсыз сезінетінін айтқан. Шахматшының айтуынша, ол Алматыдағы турнир алдында "тек камералар болса ғана орамал тағамын, себебі Иранның атынан қатысамын" деген.

"Алайда мен хиджабта өзімді жайсыз сезінемін. Сондықтан бұл жағдайды тоқтатқым келді. Енді орамал тақпаймын деп шештім", - деді Хадем.

Бұл ирандық спортшының Испанияға көшкеннен кейін Алматыдағы жанжалды эпизод туралы көпшілік алдында айтқан алғашқы пікірі.

Басылым ирандық спортшылар халықаралық жарыстарда, өз намысын қорғаған кезде қатаң дресс-кодты сақтауға міндетті екенін атап өтті. Бұл негізінен қыздардың көшеге басын жауып шығуы туралы.

Былтыр желтоқсанда Алматыда өткен рапид және блиц шахматтан әлем чемпионатында Сара Хадем бұл талапты бұзып, орамал тағудан бас тартқан. Турнирден кейін ирандық өз еліне емес, Испанияға ұшып, сонда қалды.