Испанияда 14 қабатты тұрғын үй түгелдей отқа оранды

0
477

Ғимаратта 450 адам тұратын 138 пәтер бар


Испанияда 14 қабатты тұрғын үй түгелдей отқа оранды

ERNUR.KZ. Испанияның Валенсия қаласындағы 450 адам тұратын көп қабатты тұрғын үйде алапат өрт болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жергілікті төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, өрт 4-ші қабаттан шығып, бүкіл үйді шарпыған.

Қызыл жалыннан кем дегенде 14 адам, оның ішінде алты өрт сөндіруші мен кішкентай бала зардап шекті.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өрт сөндірушілер крандар арқылы бірнеше тұрғынды құтқарған, бірақ әлі де ғимарат ішінде қалғандар бар.

Ғимаратта 450 адам тұратын 138 пәтер бар екені хабарланды.

Өрттің себептері әлі белгісіз, дегенмен ғимарат құрылысында қолданылған материалдардың тез тұтанғыш екені айтылды.

Валенсия өнеркәсіптік техникалық инженерлер колледжінің вице-президенті Эстер Пучадес Испанияның EFE ақпарат агенттігіне берген пікірінде, үйдің сырты полиуретанды материалмен қапталғанын, оның тез тұтанғыш қасиетіне байланысты кейінгі уақытта үй құрылысында қолданылмайтынын еске салды.

Ғимараттың екінші қабатында тұратын тұрғынның айтуынша, жалынның тез жайылғаны сондай 10 минут ішінде бүкіл үйді шарпып үлгірген.

Өрт сөндірушілер жергілікті уақыт бойынша сағат 17:30 шамасында шақырылған.